Президент • 11 Қараша, 2022

Президент «Түркі жасыл қаржы кеңесін» құруды ұсынды

350 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ТМҰ саммитінде Президент «Түркі жасыл қаржы кеңесін» құруды ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Президент «Түркі жасыл қаржы кеңесін» құруды ұсынды

«Жасыл экономиканы дамыту – аса маңызды міндет. Климаттың өзгеруі көптеген жаһандық сын-қатерлер тудырып отыр. Бұл – бүкіл халықаралық қауымдастықты алаңдатып отырған мәселе. Оның экологиялық салдары елдеріміздің өркендеуіне кедергі келтіреді», деді Мемлекет басшысы.

Президент «Түркі жасыл қаржы кеңесін» «Астана» халықаралық қаржы орталығының Жасыл қаржы орталығы негізінде ашуға болатынын атап өтті.

«Әлем елдері соңғы 7 жылда «жасыл» облигацияларға 2,5 триллион доллардан астам қаржы бөлді. Осы ретте, мен бұл саладағы капитал нарығын дамыту үшін «Түркі жасыл қаржы кеңесін» құруды ұсынамын. Оны «Астана» халықаралық қаржы орталығының Жасыл қаржы орталығы негізінде ашуға болар еді. Бүгінде «Астана» халықаралық қаржы орталығы әлемдегі ірі компаниялар арасында танымал болып, жоғары деңгейде мойындалды. Ол жаңа Кеңестің Хатшылығы қызметін атқара алады», деп қосты Қ.Тоқаев.